Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар жалғызбасты қарияға көмектесті

Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар жалғызбасты қариямен бірге тал екті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ырғыз аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандардың аудандағы жалғызбасты қарияның ауласына тал егуіне ықпал жасады.Аталған қайырымдылық іс-шарасын аудандық пробация қызметі Ырғыз аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құралған “Жастар” еріктілерімен бірлесіп ұйымдастырды.

– Ізгі іс-шарасы кезінде есепте тұрған сотталғандар аудандағы жалғызбасты қарияның ауласын күл-қоқыстан тазартып, тал егіп берді.
Жалпы, қайырымдылық іс-шарасы – 2020-2025 жылдарға арналған қоғамдық құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарының 12 тармағына сәйкес ұйымдастырылды және шараны өткізудгі мақсатымыз – пробация есебінде тұрған сотталғандарды еңбекке баули отырып, оларды айналасына мейіріммен қарауға шақыра отырып, қылмыстың алдын алу, болдырмау.

Сонымен қатар, есепте тұрған сотталғандардың айналасындағыларға жәрдем беріп, өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінуі – олардың қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі деп сенеміз, – дейді Ырғыз аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Есет Әбдіразақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру