Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғанның азқамтылған отбасына көмек берді

Ақтөбеде түзеу мекемесінің қызметкерлері мекемеде жазасын өтеуші сотталғанның азқамтылған отбасына оқу құралдарымен көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалпы, әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған “Мектепке жол” республикалық акциясына қатысуды КА-168/2 түзеу мекемесінің қызметкерлері жыл сайын әдетке айналдырған. Бұл жолы түзеу мекемесінің қызметкерлері аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанның балаларының жаңа оқу жылына дайындығына өңірдегі “Сенім-Тірек” қоғамдық бірлестігінің басшысы Теміржан Құндоловпен бірлесіп, қолдау көрсетті.

КА-168/2 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталған азаматтың кәмелетке толмаған үш баласының қазіргі таңдағы жалғыз асыраушысы – мектепте еден жуумен табыс тауып келетін жұбайы. Мұнымен қоса, өзгенің үйін жалдап отырған балалардың анасына балаларын оқу жылына дайындау қиындық туғызуда. Осы ретте, жазасын өтеуші сотталғанның өтінішіне ден қойған мекемедегі жасақ бастығы еріктілермен бірлесіп, сотталғанның 6, 7 сыныпқа баратын балаларына жаңа оқу жылына сөмкелер және оқу құралдарын алып берді. Сондай- ақ, балалардың жалғыз асыраушысының өтінішімен ұялы телефонына бірліктермен көмектесті.

– Бұл балалардың әкесі, яғни мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат балаларының жаңа оқу жылына дайын еместігін, ал оларға қажетті құралдарды сатып алып беруге жалғыз жұбайының шамасы келмейтінін айтып, көмек сұраған болатын. Сотталғанның өтінішін ескере отырып, біз өз тарапымыздан қолдау көрсетуді жөн санадық және бұл жағдай сотталған азаматтың жаза өтеу мерзімінде түзелу жолына нық тұруына, сонымен қатар балаларының еш кедергісіз жақсы білім алуына септігін тигізеді деп сенеміз, – дейді КА-168/2 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қанат Мақатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру