Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖ департаменті ҚР Тұңғыш Президенті күнін салтанатты түрде атап өтті

Ақтөбеде ҚАЖ департаменті ҚР Тұңғыш Президенті күнін салтанатты түрде атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін салтанатты түрде атап өтті.

Салтанатты іс-шарада департамент басшылығы және ардагерлер кеңесінің төрағасы жеке құрамды атаулы күнмен құттықтап, отбастарына амандық, қызметтеріне табысты еңбек тіледі.

Мерекелік іс-шарада қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, сондай- ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге байланысты КА-168/3 мекемесінің режим бөлімінің бақылаушысы әділет аға сержанты Бекжан Таильбеков және ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет капитаны Арман Мамыраев “ҚР Ішкі істер министрлігінің грамотасымен” марапатталды.

Сонымен қатар, КА-168/2 мекемесінің медицина бөлімінің бастығы әділет капитаны Азамат Әбуғалиев “Қылмыстық- атқару жүйесінің үздігі” төсбелгісін тақса, ҚАЖ департаментінің аға инспектор-кезекшіcі әділет майоры Нұржан Жидеханов көзделген лауазымнан бір саты жоғары “әділет подполковнигі” арнаулы атағын алды.
Іс- шара соңында департаменттің жеке құрамы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған бейнероликті тамашалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру