Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы Тұңғыш Президент туралы деректі фильмді тамашалады

Алматы полициясында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильмді тамашалау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында “Нұрсұлтан Назарбаев. Ақынның жаны бар саясаткер” деректі фильмді қалалық Полиция департаментінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жеке құрамға фильмді тамашалау ұйымдастырылды.

– Сонымен қатар, мереке қарсаңында біздің департаменттің музейінде полицияның жас қызметкерлері мен “Тұран” колледжінің 3 курс студенттеріне экскурсия ұйымдастырылды. Кездесу барысында жас ұрпақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған бұрышпен танысты, сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы полициясының негізгі жетістіктері туралы айтылды. Экскурсиядан кейін полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жастарды отансүйгіштік, рухани даму, өз ісіне адалдық рухында тәрбиелеудегі бұл әдістің жоғары тиімділігін тәжірибе куәландырады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру