Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мереке қарсаңында өткен шарада Ақтөбеде ПД анықтаушысына “Жыл адамы-2021” атағы берілді

Мереке қарсаңында өткен шарада Ақтөбеде ПД анықтаушысына “Жыл адамы-2021” атағы берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында “Жекпе-жек” сарайында  Ақтөбе облысының және қала басшылығының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған “Тәуелсіз ел Елбасы жолымен” атты салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты шараға еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының, облыстың жоғары және орта оқу орындарының басшылары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.

Сарай сахнасында қатысушылардың алдында “Тәуелсіз ел Елбасы жолымен” атты театрландырылған көрініс өтті. Бұл көріністе ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен 1991 жылдан бері еліміздің жаңа даму жолы көрініс тапты.

Іс-шара барысында облыс әкімі О.Оразалин өңірдің экономикасын, Денсаулық сақтау, әлеуметтік саласын дамытуға қосқан зор үлесі және облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін “Жомарт жүрек” медалі, “Облысқа сіңірген еңбегі үшін” атағын табыстады.

Сондай-ақ, Полиция департаментінің анықтаушысы Мұратбек Нұрмағанбетовке “Жыл адамы-2021” атағы берілді. Мұратбек Нұрмағанбетов осы жылдың ақпан айында ерлік көрсетіп, өрт шыққан кезде адамды құтқарды. Үй-жайдың өртенгеніне қарамастан Мұратбек Нұрмағанбетов жертөледе ер адамды байқап, оны дымқыл шүберекпен жауып, өрттен құтқарды.Өзінің ерлігі мен батылдығының арқасында адам өмірін сақтап қалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру