Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Тұңғыш Президент музейіне барды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Тұңғыш Президент музейіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/1 мекемесінің басшылығының ықпалымен және кадр саясатының бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында мекеменің жеке құрамы елордамызда орналасқан Тұңғыш Президент мұражайына барды.

Бұл мұражайға қызметкерлерді жіберудің басты мақсаты – жас қызметкерлердің Елбасының өмірбаянын, қызмет саласының бастамасы, жетістіктері бойынша тарихын  біліп жүрулері үшін және артынан еріп келе жатқан өскелең ұрпаққа жеткізу.

Себебі бүгінгі маңдай термен атқарылған жұмыстар мен еліміздің қарқынды дамуы үшін жасалған көрсеткіштер ертеңгі тарих болып қалыптасып қалмақ.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: “Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біле бастаған елміз. Қазақтың тарихы өте үлкен, оны да білуіміз керек, қолға алып жүрміз”.

Тарихын білмеген ұлттың – болашағы да мүшкіл.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру