Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде Хромтау ауданының пробация қызметкерлері сотталғандарды оқу орны бойынша тексерді

Ақтөбеде Хромтау ауданының пробация қызметкерлері сотталғандарды оқу орны бойынша тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Хромтау аудандық пробация қызметінің қолдауымен, пробация есебінде тұрған төрт сотталған азамат биылғы жылы аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Хромтау қаласындағы тау-кен техникалық жоғары оқу колледжіне бекітуші мамандығын игеру үшін алты айлық қысқа мерзімді оқу курсына жолданған болатын.

Ағымдағы жылдың сәуір айының ортасында оқу курсын бастаған сотталған азаматтардың қазіргі уақытта оқу курсын жалғастырып келетініне көз жеткізу үшін, Хромтау аудандық пробация қызметінің қызметкерлері аталған орынға арнайы барып, тексерді.

– Тексеру барысында Тау-кен ісі бойынша оқытушы Самал Әділжанқызы есепте тұрған азаматтарға “Tау жұмыстарын бекіту” тақырыбында сабақ жүргізу үстінде болды.
Мұндай тексерістің мақсаты – Пробация қызметі тарапынан белгілі бір мамандықты алу бойынша әлеуметтік көмекке қол жеткізген сотталғандардың оқуға уақытында және күнделікті қатысуына көз жеткізу. Себебі, 6 айға созылатын тегін оқу курсы сотталғандардың болашақта тұрақты жұмысқа орналасып, қоғамға бейімделулері үшін маңызды. Жалпы, аталған оқу биылғы жылдың қараша айына дейін жалғасады және осы уақытқа дейін курсқа қатысушы есепте тұрған сотталғандар Пробация қызметінің назарында болады, – дейді Хромтау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Айнұр Болатпаева.

Айта кетейік, пробация есебінде тұрған сотталғандар тегін курстық оқу арқылы мамандық алумен қатар, ай сайын 16 мың теңге шәкіртақымен қамтылған. Бұған қоса, Хромтау ауданынан қатынайтын бір сотталғанның жолы мен жатын орнына да үкімет тарапынан қолдауға ие.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру