Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік ер адам ауыл тұрғынын тонап кетті

Ақтөбелік ер адам ауыл тұрғынын тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 мамыр күні №3 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ойыл ауданының 64 жастағы тұрғыны 8 март көшесіндегі кафенің жанында болған белгісіз адам 70 мың теңге көлеміндегі ақшаны ашық түрде алып кеткендігі туралы арызданған.

Оқиға орнына полицияның кешенді күштерінің жасақтары жіберілді. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде учаскелік полиция инспекторы 36 жастағы ақтөбелікті анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы бап бойынша ең жоғарғы жаза мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Жәбірленушілер – әдетте, әйелдер, кәмелетке толмағандар және мас күйінде болған адамдар, яғни тиімді қарсылық көрсете алмайтын азаматтар санаты.

Тонау мен қарақшылық шабуыл жасау кезінде қылмыстық шабуылдың негізгі заттары ақша, зергерлік бұйымдар, ұялы телефондар, сөмкелер мен пакеттер болып табылады.

Мұндай қылмыстық шабуылдардың құрбаны болмау үшін не істеу керек?
* Мүмкіндігінше кешкі және түнгі уақытта көшеде жүрмеу қажет. Қараңғы жерлерге, саябақтарға бармауға тырысыңыз;
* тек жарықтандырылған көшелермен үйге барыңыз;
* ұялы телефонды бейтаныс адамдарға жедел қоңырау шалу керек деген сылтаумен болса да, бермеңіз;
* адамдардың назарын аудармау үшін ұялы телефонның қымбат моделінің көлікте, көшеде және басқа да қоғамдық орындарда болғанда шығарып, көрсетудің қажеті жоқ;

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру