Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері “Құқықтық тәртіп” іс-шарасын қорытындылады

Түркістан облысының полицейлері “Құқықтық тәртіп” іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті тәртіпті нығайтуға, жедел жағдайды жақсартуға және азаматтардың жеке басы мен мүлкіне қарсы қылмыстардың жолын кесуге, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.

“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша жалпы 160 қылмыс тіркелген, оның ішінде 129-ы кезекші тәулікте ашылған және төртеуі бұрын жасалған. Жедел уәкілдер іздеуде жүрген сегіз қылмыскерді және есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін бір күдіктіні ұстады.

Тәртіп сақшылары профилактикалық жұмыстар барысында жалға берілетін 400 қараусыз қалған үй мен 362 саяжай және 735 пәтерді аралап шықты. Полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған 6619 адамды тексерді, оның ішінде пробация желісі бойынша – 2078 адам, 1387 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды және қолайсыз отбасы – 788.
Сондай-ақ, “Құқықтық тәртіп” жедел- алдын алу іс-шарасы аясында 5501 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер – 192, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы – 17, балалардың түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз тұрғын үйден тыс жерде болуы – 507, ұсақ бұзақылық – 657, тыныштықты бұзу – 196, қоғамдық орындарда масаң халде жүру – 447 және қорғау нұсқамаларын бұзудың 6 жағдайы. Сонымен қатар қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін облыстың 9 тұрғыны жауапкершілікке тартылды.
Және де көші-қон қызметінің инспекторлары тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын 724 адамды және көші-қон саласындағы ҚР заңдарын бұзған 156 шетелдік пен азаматтығы жоқ адамдарды анықтады.

Оған қоса жол қауіпсіздігі желісі бойынша жолдарда жылдамдықты асырғаны үшін 270 жүргізуші, қарсы жолаққа шыққаны үшін – 36, жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін – 23, сондай-ақ полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 40 жүргізушіні анықтап, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін екі автокөлік иесін ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру