Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғанға жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі заты анықталды

Қызылордада сотталғанға жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі заты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан В. есімді азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі тектес зат анықталды.

Мекеме қызметкерлері жоғарыда аталған сотталғанға келген сәлем-сауқатты тексеру барысында алты дана құрттың ішіне дәкеге оралып салынған, өзіне тән хош иісі бар шөп тектес затты анықтаған.

Жедел түрде “102” нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 3,2 граммды құрайтын “кептірілген марихуана” екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру