Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған жасөспірімді қағып кетті

Атырауда жыл басынан бері жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған 50 адамды көлік қаққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері қала аумағында жаяу жүргіншілерді көлік қағып кеткен 50 оқиға орын алып, салдарынан 41 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған.

– Соңғы уақытта жол-көлік оқиғалары көлік жүргізушілерінің тарапынан жиі орын алып, жаяу жүргіншілер зардап шегуде, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Мәселен, 22 желтоқсан күні сағат 12:30 шамасында Канцев көшесінде орналасқан №13 мектептің тұсындағы жаяу жүргіншілер өткелінен 10 жастағы жасөспірім қызды Toyota Ipsum автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі қағып кеткен.

Одан басқа, 22 желтоқсан күні 08:00 шамасында Баймұханов көшесіндегі соңғы аялдамаға жетпей, 44 жастағы азамат ВАЗ-21099 автокөлігін басқара отырып, 10 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Соққы салдарынан жасөспірім жеңіл жарақат алған.

Сол себепті қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында атыраулық полицейлер көлік жүргізушілері мен жол қозғалысы қатысушыларын жол жүру ережелерін сақтауды, жолда сақ жүруді және ата-аналардың назарына жасөспірім балаларға үнемі жолда жүрген кезде мұқият болуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру