Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жыл басынан бері велосипед ұрлығының алты дерегі тіркелді

Атырауда жыл басынан бері велосипед ұрлығының алты дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын-алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Көктем мезгілінің басталуымен велосипед ұрлығының көбеюі байқалады. Көбінесе олар сату мақсатында жасалады.

Биылғы жылдың басынан басқармаға велосипед ұрлаудың алты дерегі тіркелген. Аталған деректер велосипед иелерінің оған немқұрайлы қарауы мен ұқыпсыздығынан болып отыр.

Осыған байланысты учаскелік инспекторлар көп қабатты үйлердің тұрғындарымен ұрлықтан қорғаудың жалғыз кепілдендірілген тәсілі — велосипедтерді, басқа да мүлікті кіреберістерде қараусыз қалдырмау екендігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Полиция қызметкерлері аулаларды, дүкендерді, базарларды аралап, азаматтарға ықтимал тудыруы мүмкін құқық бұзушылықтар туралы ескерту шараларын жүргізуде.

Сондай-ақ, олар тұрғындарға велосипедке арналған құлыптау арқылы велосипедтерді жабдықтауды ұсынады, бұл ұрылардың бөтеннің мүлкіне қол сұғуынан сақтайды. Сонымен қатар, түнгі уақытта велосипедті кіреберісте қалдырмау керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру