Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраудың бас полицейі ҮЕҰ өкілдерінің жұмысын үйлестіруші “Азаматтық орталық” КММ басшысымен кездесті

Атыраудың бас полицейі ҮЕҰ өкілдерінің жұмысын үйлестіруші “Азаматтық орталық” КММ басшысымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінде өңірдегі Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру мақсатында облыстық Ішкі саясат басқармасының жанынан құрылған “Азаматтық орталық” КММ-нің директоры Жаннат Досқалиева мен “Қызыл-ай” қоғамдық қорының мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды.

Атырау облысының Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру және ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру бағытында полиция қызметкерлерімен бірге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және халыққа қолдау көрсетуге атсалысып жүрген ҮЕҰ өкілдерімен жұмысты жандандыру жоспарын құру қажеттілігін жеткізді.

– Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің бастамасымен қоғамда үлкен мәселеге айналып, ұзақ уақыт шемімін таппай келген көп мәселенің оңай шешіліп келетіні баршамызға мәлім. Бұл тұжырымды көптеген дамыған мемлекеттер өз тәжірибесінде жиі қолданады. Біздің өңірімізде де осындай азаматтық тың бастамалары бар азаматтар мен ұйымдардың басын біріктіріп, мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас орнатуда үлкен нәтижелі қызмет атқарып келетін Ішкі саясат басқармасының жанынан құрылған “Азаматтық орталық” ұжымының да жұмысын жоғары бағалаймыз, – деді ПД бастығы Қамза Үмбетқалиев.

– Қоғамның тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полиция қызметкерлері қашан да қалтқысыз қызмет етеді. Алайда еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде құқық қорғау саласы да дамудың түрлі сатыларынан өтті. Техникалық, материалдың базаның қамтамасыз етілуі, заман талабына сай цифрлық қамтамасыз етілу қазіргі таңда Атырау облысында 100 пайыз қамтылған. Ендігі жоспарымыз – полицияның сервистік моделін қалыптастыру. 2020 жылы елімізде, әлемде таралған коронавирустық инфекциямен күресте дәрігерлер мен полицейлермен қатар волонтерлар да көмекке келді. Бұл – қоғам үшін жаны ашитын Үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің қажеттілігін дәлелдейді. Осы бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да бірлесіп жүзеге асырамыз деп сенемін, – деп қорытындылады Қ. Үмбетқалиев.

Сондай-ақ, жиын соңында полицияның қоғамдық көмекшілеріне айналған “Қызыл-ай” қоғамдық қорының мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру