Атыраулық полицейлер «Дәрмек» іс-шарасы кезінде 4 қылмысты анықтады
Атыраулық полицейлер «Дәрмек» іс-шарасы кезінде 4 қылмысты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысының аумағында барлығы 47 денсаулық сақтау нысаны және өз қызметінде есірткі, психотроптық прекурсорлар пайдаланатын 26 өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Рейдтік іс-шаралар барысында екі емдеу-алдын алу мекемесі, үш өнеркәсіптік кәсіпорын тексерілді. Тексеру кезінде құрамында есірткі бар препараттарды рецептісіз жіберу, тиісті рұқсат құжаттарынсыз дәрі-дәрмектерді сату жағдайларының жолын кесуге ерекше назар аударылды.
«Дәрмек» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде барлығы төрт қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) – 3 факті тіркелсе, ҚР ҚК 303-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу) бойынша бір факті анықталды.
Сонымен қатар, төрт әкімшілік құқық бұзушылық фактісі, атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу) бойынша – 1 факті, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі (Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласы қағидаларын бұзу) бойынша 3 дерек анықталды.
Олардың екеуі медицина қызметкерлері, жиналған материалдар ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне тапсырылды.
Айта кету керек, Атырауда заңсыз сатуға тыйым салынған трамадол және тропикамид дәрілік препараттарының 10 мыңнан астамы тәркілгенді.
Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жыл басынан бері жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде, сатуға тыйым салынған трамадол, тропикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатумен айналысып жүрген – 7 тұлға анықталып, ұсталды. ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзғаны) әкімшілік хаттама толтырылып, барлығы 8 300 трамадол, 1 670 тропикамид дәрілік препараттары тәркіленіп, облыстық фармацептикалық басқармасына жолданды.
Сонымен қатар, 21 ақпан күні «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Береке мөлтек ауданының 48 жастағы тұрғыны заңсыз жолмен тыйым салынған дәрілік препараттарды (трамадол, тропикамид) сатып жүрген жерінен ұсталып, барлығы 570 трамадол, 22 тропикамид тәркіленіп, ҚР ӘҚБтК 426-бабымен хаттама толтырылды. Толтырылған хаттамаға сәйкес айыппұл төленді.