Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда автобусты есірткіге мас күйінде басқарған жүргізуші анықталды

Қарағандыда автобусты есірткіге мас күйінде басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 ақпаннан бастап Қарағанды ​​облысында “Автобус” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жеті күнде полицейлер 774 жол ережесін бұзу фактісін анықтады.

Оның ішінде маневр жасау ережелерін бұзу 116 , көлік құралын басқару кезінде телефон пайдалану ережесін бұзу – 95 факті міндетті техникалық байқаудан өтпеген – 20. Сондай-ақ, 12 мемлекеттік тіркеу белгісі алынып, 8 лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 287 автобустың электр жабдықтарына сәйкестігі тексерілді.

Айта кетейік, Қарағандыда полицейлер автобусты есірткіге мас күйінде жүргізу фактісін анықтаған болатын. Сонымен, 26 ақпанда сағат 07.30 шамасында Қарағанды ​​қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жасағы 37 жастағы ер адам басқарған автобусты тоқтатты. Полицейлер оның талаптарға салғырт қарайтынын және өзін басқаша ұстағанын байқаған. Жүргізуші медициналық тексеруге жіберіліп, ер адамның есірткіге мас күйінде болғаны анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Барлық жиналған материал сотқа жолданып, жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру