Атыраулық полицейлер еріктілермен бірлесіп акция өткізді
Атыраулық полицейлер еріктілермен бірлесіп акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еріктілер – полиция үшін ерекше маңызды адамдар. Олар есірткі қылмысының алдын алуға, жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына және басқа да бағыттарға қатысады.
5 желтоқсан күні Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Жаңа ұрпақ” қоғамдық бірлестігімен бірлесіп еріктілер күні аясында жас еріктілермен бірге Махамбет-Исатай алаңы жанында арнайы акция өткізді.
Ерікті жастар “Атырау – есірткісіз қала”және “Есірткіге қарсы болсаң сигнал бер” сөздері жазылған плакаттармен көлік жүргізушілерінің назарын аудартты. Қала тұрғындары бұл көрініске бей-жай қарамай, есірткіге қарсы екендігін сигнал басу арқылы білдірді.