Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД-да еріктілер марапатталды

Маңғыстау облысы ПД-да еріктілер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күні мерекесіне орай Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болатбек Ақшауов полицейлерге белсенді көмек көрсететін еріктілерді құттықтап, марапаттады.

Еріктілер үнемі полицейлермен бірлескен рейдтік іс-шараларға қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтауға, жоғалған адамдарды іздеуге, есірткі қылмысының алдын алуға, сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша өткізілетін іс-шараларға өз үлестерін қосып жүр.

– Сіздердің игі істеріңіз, белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз және полицияға көрсетіп жүрген көмектеріңіз үшін өз атымнан және Маңғыстау полициясының атынан алғыс білдіремін. Сіздерге шын жүректен сарқылмас қуат, амандық және барлық бастамаларыңызда үлкен табыстар тілеймін, – деп атап өтті Болатбек Ақшауов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру