Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер мас жүргізушінің көлігінен қару тапты

Атыраулық полицейлер мас жүргізушінің көлігінен қару тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 сәуір күні сағат 12:40 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Атырау қаласына қарасты мөлтек аудандардың бірінен Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан.

Аталған көліктің 43 жастағы жүргізушісін тексеру барысында оның мас күйде екендігін, сонымен қатар көліктің артқы орындығында белгісіз қару жатқандығын анықтаған.

Аталған азамат медициналық куәландыру нәтижесінде, “орта дәрежелі” мас күйде екендігі расталып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөліміне (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотқа жолданды. Тиісті құжаттары жоқ пневматикалық винтовка тексеру үшін жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру