Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда абаттандыру ережелерінің бұзушылықтары бойынша 1500-ден астам хаттама толтырылды

Жыл басынан абаттандыру ережелерінің бұзушылықтары бойынша Петропавл полицейлерімен 1500-ден астам хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоқыс тастайтын орындар, құрылыс қалдықтары, пакеттер мен басқа да қоқыстардың шашылып жатуы – бұндай көрініс көктем келісімен бірден бірнеше қала аудандарында орын алды. Қардың басым бөлігі бірер күн бұрын ерігендіктен, кәсіпорындар мен жер үйлердің иелері қоқысты тазалап үлгермеген. Бұл күндері учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру ережелерінің бұзушылықтарын ескерту бойынша түсіндіру жұмысын жандандырды.

Петропавл қаласының аумағында 13 учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Күн сайын 50-ге жуық инспектор облыс орталығының көшелеріне шығып, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысын жүргізеді. Полицейлер жадынамалар мен визиткаларды таратып, үйлерге және меншік объектілеріне іргелес орналасқан аумақтарды санитарлық тазалау қажеттілігі туралы жеткізіп, әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді. Учаскелік полиция инспекторлары жер үйлердің тұрғындарына ғана бармайды: заң бойынша кәсіпкерлер де аумақтың тазалығы мен қасбеттің жағымды көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

– Жылдың басынан Петропавл қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (Абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша 1503 әкімшілік хаттама толтырды. 1480 жеке тұлға және 23 заңды тұлға жауапқа тартылды. Заңды тұлғалар ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті Петропавл қалылық ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садулов.

Тәртіп сақшылары кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды өздерінің елді мекендерін таза ұстауға, қоқысты рұқсат етілген орындарға төгуге шақырады. Абаттандыру ережелері бұзылған жағдайда тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция пунктіне жүгіну, “102” нөміріне қоңырау шалу немесе App Store, Google Play-дағы “102” ресми мобильдік қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
Жалпы жыл басынан облыс бойынша абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 3603 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру