Атыраулық полицейлер өзгенің көлігін соғып, қашып кеткен жүргізушіні анықтады
Атыраулық полицейлер өзгенің көлігін соғып, қашып кеткен жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні 01:17 сағат шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына қала тұрғыны қоңырау шалып, өзінің Hyundai LX маркалы автокөлігін белгісіз адам автокөлігімен соғып, қашып кеткендігі жөнінде хабарлама берген.
Хабарлама бойынша барған полиция қызметкерлері тексеріс кезінде Hyundai LX маркалы автокөлігіне соқтығыс жасап, жол-көлік оқиғасына өзі қатысушы бола тұрып, Ішкі істер органдарына хабарламастан, оқиға орнынан кетіп қалған, 25 жастағы Ваз 21110 маркалы автокөлігінің жүргізушісін анықтады.
Сонымен қатар 25 жастағы жүргізушінің көлікті басқару құқығы жоқ екендігі белгілі болды.
Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлімімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлімімен (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы, Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекет) әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.