Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны ОLX алаяғына алданып қалды

Шымкент тұрғыны ОLX  алаяғына алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 13 тамызында Абай АПБ-ның “102” нөміріне Түркістан облысының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз тұлға ОLX интернет желісі арқылы пәтер көріп, аталған пәтерді алу мақсатында кепіл ретінде 330 000 теңге салып, алаяқтық жолмен алданып қалғанын жазып көрсеткен.

Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шара барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру