Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер құрылыс орнынан тоқ генераторын ұрлап​ кеткен күдіктіні ұстады

«Учаске» іс-шарасы барысында атыраулық полицейлер құрылыс орнынан тоқ генераторын ұрлап​ кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қыркүйек күні белгісіз адам Самал мөлтек ауданындағы құрылыс орындарының бірінен тоқ генераторын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Жедел-іздестіру кезінде полицейлер 28 жастағы күдіктіні бейнекамералардың көмегімен анықтап, ұстады. Келтірілген шығын мөлшері 150 мың теңгені құрайды. Ұрланған құрал-жабдықтар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру