Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда құқықтық мәртебесі жоқ 114 адам құжаттандырылды

Атырауда құқықтық мәртебесі жоқ 114 адам құжаттандырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес 2020 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру үшін, мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау бойынша акция өткізілуде.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ, 1974 жылғы ескі үлгідегі КСРО төлқұжатын уақтылы алмастырмаған адамдар құқықтық мәртебесін анықтау үшін тұрғылықты мекенжайда орналасқан аумақтық Көші-қон бөліністеріне бару қажет.

Акция басталғалы бері Атырау облысы бойынша жеке басты куәләндыратын құжаттарсыз тұратын және Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ тұлға ретінде 149 адам анықталып, оның ішінде 114 адам құжаттандырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру