Атыраулық полицейлер құжатсыз мотоциклмен ерекше қорғалатын табиғи резерватта жүрген екі адамды ұстады
Атырауда ерекше қорғалатын резерватта мотоциклмен жүрген екі адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық полиция басқармасының №1 полиция бөлімінің қызметкерлері Еркінқала ауылы аумағындағы ерекше қорғалатын «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында «Урал» мотоциклімен жүрген екі адамды ұстады.
Тексеру барысында, 37 жастағы құқық бұзушының алкогольдік ішімдік ішкені, сондай-ақ екінші құқық бұзушының кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталды.
Полиция қызметкерлері жасөспірімнің ата-анасына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Құжатсыз мотоцикл арнайы тұраққа қойылды.