Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер құжатсыз мотоциклмен ерекше қорғалатын табиғи резерватта жүрген екі адамды ұстады

Атырауда ерекше қорғалатын резерватта мотоциклмен жүрген екі адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полиция басқармасының №1 полиция бөлімінің қызметкерлері Еркінқала ауылы аумағындағы ерекше қорғалатын “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватында “Урал” мотоциклімен жүрген екі адамды ұстады.

Тексеру барысында, 37 жастағы құқық бұзушының алкогольдік ішімдік ішкені, сондай-ақ екінші құқық бұзушының кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталды.

Полиция қызметкерлері жасөспірімнің ата-анасына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Құжатсыз мотоцикл арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру