Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер тіркелмеген 9 қару тәркіледі

Атыраулық полицейлер «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тіркелмеген 9 қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында 7 ақпаннан бастап «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды өтуде.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Осы ретте Атырау қаласы Полиция басқармасының азаматтық қызметтік қару айналымының бақылау тобының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары 3 290 қару иесін мекенжайлары бойынша тексерді. Қаруды сақтау және тіркеу ережелерін бұзған 120-ға жуық адам жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары 88 адамды ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, ҚР-ның аумағына әкелу, ҚР-ның аумағынан әкету және ҚР-ның аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) жауапқа тартты, сондай-ақ 31 тұлғаны ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабымен (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Шара аясында тіркелмеген тоғыз қару тәркіленіп, бір адам өз еркімен қару тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру