Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында шетелдіктерді тексеру жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысында шетелдіктерді тексеру жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон қызметінің қызметкерлері базарларды, сауда үйлері мен қызмет көрсету салаларын тексеруде.

Өскеменде тәртіп сақшылары кезекті тексеру барысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактісін анықтады.

Мәселен, Өзбекстан Республикасының 6 азаматы әкімшілік ғимаратты жөндеу бойынша рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған.

– Өскемен қаласының сотымен олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша 25 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін ғимарат иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК – нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік материал толтырылды, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

ШҚО ПД көші-қон қызметі еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтарға тиісті рұқсат ресімделуі қажет екенін еске салады.

“Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы 17 наурызға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру