Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер тұрғылықты жері жоқ адамдарды қабылдап-тарату орнына жеткізді

Атыраулық полицейлер тұрғылықты жері жоқ адамдарды қабылдап-тарату орнына жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн суытқанда атыраулық учас­келік полиция инспекторлары қиын өмір­лік жағдайға тап болған адамдардың болуы мүмкін жерлерді тексереді. Оның ішінде жылу трассалары, жертөлелер, қараусыз қалған саяжай үй­лері және басқа да орындар түгел қара­ла­ды. Сақшылардың басты міндеті – үй-күйсіз жүрген азаматтардың күн суықта үсіп қалуын болдырмау.

Осындай рейдтік іс-шаралардың бірін өткізу кезінде №2 учаскелік полиция бекетінің қызметкерлері Махамбет көшесінде орналасқан кәріз құдығының ішінен 50 жастағы тұрғылықты мекенжайы жоқ адамды тапты. Сондай-ақ №4 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары Лесхоз мөлтек ауданында орналасқан үйлердің бірінің жертөлесінен 56 жастағы тұрғылықты жері жоқ адамды анықтап, Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырды.

Айта кетейік, жыл басынан бері учаскелік полиция қызметкерлерімен қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 120-ға жуық адам жеткізілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру