Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер “Жасөспірім” жедел-алдын алу шарасын қорытындылады

Атырауда 12-14 ақпан аралығында “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында полицияға 79 кәмелетке толмаған жеткізілді. 88 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 82 ата-ата мен 6 жеке тұлға жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа екі оқушының төбелес салдарынан аудандық ауруханаға қаралуы, оларды қараған медициналық қызметкердің полиция органдарына әкімшілік құқық бұзушылық дерегі туралы уақтылы хабарламағаны анықталып, денсаулық сақтау органының қызметкеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-1-бабымен (Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы хабарламауы)
әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Сондай-ақ, құқықтық сауаттылықты арттыру арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерінің алдын алу мақсатында ІІО-ның есебінде тұрған 45 қолайсыз отбасы мүшелерімен профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.

Үй аралау кезінде бала тәрбиесімен айналыспай, жүйелі түрде алкоголь ішімдіктерін пайдаланғаны үшін есепке қойылған 1982 жылы туған аудан тұрғынының кәмелетке толмаған балаларының көзінше ішімдік ішкені анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттама толтырылды.

ІІО-ның профилактикалық есебіне 11 кәмелетке толмаған мен 7 қолайсыз отбасы есепке қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру