Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда танымайтын біреуге бейнебайланыс арқылы хабарласып, ұятты жерін көрсеткен азамат қамауға алынды

Атырауда “WhatsApp” арқылы бейнеқоңырау шалып, жыныстық мүшесін көрсеткен азамат әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 ақпан күні сағат 03:10 шамасында 36 жастағы қала тұрғыны «102» операторына қоңырау шалып, танымайтын белгісіз ер азаматтың мас күйінде “WhatsApp” арқылы бейнеқоңырау шалып, жыныстық мүшесін көрсетіп, мазасын алғанына шағымданған.

Полиция қызметкерлері хабарламаны тексеру барысында Батыс Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғынының мас күйінде өзінің әріптесінің ұялы телефонын алып, оның ішінде сақталған нөмірлерге бейнеқоңырау шалып, өзі танымайтын адамдарға бейнебайланыс арқылы хабарласып, ұятты жерлерін көрсеткендігі анықталды.

Ол өз кінәсін мойындап, өзінің жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін, мас болғандықтан, есін білмегендігін айтқан. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылып, 25 жастағы азамат сот шешімімен жеті күн мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру