Атыраулық студенттер кинология қызметімен танысты
Атыраулық студенттер кинология қызметімен танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен студенттер үшін кинология қызметі орталығына танымдық экскурсия өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты — болашақ мамандарды кинология саласының маңыздылығымен таныстыру, қызметтік иттердің күнделікті жұмысы мен жаттығу үдерісін көрсету.
Экскурсия барысында студенттер қызметтік иттердің із кесу, есірткі мен жарылғыш заттарды анықтау сынды арнайы тапсырмаларды қалай орындайтынын көріп, олардың жаттығу әдістері мен тәсілдеріне куә болды. Ит пен кинолог арасындағы сенім мен үйлесімді жұмыс жастарға ерекше әсер қалдырды.
Мамандар студенттерге кинологтардың кәсіби дайындығы, иттерді үйрету процесі және оларды нақты жағдайларда қолдану туралы кеңінен әңгімеледі.
Мұндай танымдық шаралар жастардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып, полиция қызметінің көпқырлы әрі жауапты бағыттарын тереңірек түсінуге жол ашады.