Атыраулық тергеушілер студенттерге өндірістік сабақ өткізді
Атыраулық тергеушілер студенттерге өндірістік сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 наурыз күні Атырау облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы қызметкерлері Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы филиалы жанынан құрылған «Қайсар тергеушілер» клубының Құқықтану білім бағдарламасының 2-3 курс студенттеріне адам өлтіруге байланысты іс бойынша оқиға болған жерге қарау жүргізудің тактикалары туралы өндірістік сабақ өткізді.
Атырау облысы Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасы бастығы Нұрлан Ахметжанов, орынбасары Николай Михайловский оқиға орындарын қарауды жүргізудің мақсаттары, түрлері мен тактикалық шарттарымен, сонымен қатар табу, тіркеу және заттай дәлелдемелерді алу әдістерімен, криминалистикалық сараптамалар мен зерттеулерді тағайындаумен толығырақ таныстырды.
Полиция департаментінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Есен Бисахов адам өлтіру қылмыстарын тергеу мен ашу, тәртіп бойынша күнделікті әрекет ететін топ құрамының қызметкерлерінің топтық тәсілдерімен немесе арнайы құрылған жедел-тергеу топтарының үздіксіз жұмыс жасауларына байланысты жүзеге асатындығын, үздіксіз әрекет ететін жедел-тергеу топ құрамына барынша тәжірибелі тергеушілер, маман-криминалистер, дәрігерлер, жедел-іздестірушілер кіретіндігін және тергеудің міндетті шарттарымен таныстырып өтті.
Студенттер қызықтыратын сұрақтарын қойып, тәжірибелерімен бөліскен атыраулық полицейлерге алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.