Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 10 күдіктіні ұстады

Павлодарлық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 10 күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс жасағандар мен хабар-ошарсыз жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтауға және ұстауға бағытталған бірлескен мемлекетаралық “Іздестіру” жедел-алдын алу операциясы жалғасуда.

– Жедел-алдын алу шарасы басталғаннан бері павлодарлық жедел уәкілдер 10 қылмыскерді іздестіріп тапты, олардың алтауы Ресей Федерациясының аумағында қылмыс жасаған. Үш адам денсаулыққа ауыр зиян келтіру және зорлау бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде болды. Мысалы, Екібастұз қаласында 2012 жылдың тамыз айынан бастап Омбы облысында зорлау қылмысы үшін іздеуде жүрген 33 жастағы ер адам ұсталды. Ер адамға қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 131-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Сондай-ақ, 2002 жылы Қырғызстан Республикасында қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеу кезінде қоныс-колониясынан қашып кеткен Қазақстан азаматының тұрғылықты жері анықталды, ол Жамбыл облысының тумасы болып шықты. Ер адам Павлодар қаласынан табылды. Іздеп табылған барлық күдіктілер туралы ақпарат іздеу бастамашыларына берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру