Атыраулықтарды 50 миллион теңгеге алдаған алаяқ жазаланды
- Атырауда Қызылорда облысының тұрғыны "Теңіз кенішіне жұмысқа орналастырамын" деп 60-қа жуық адамның ақшасын алған. Жұмыс іздеп, қалтасы қағылған тұрғындар алғашында өздерінің жалған келісімшарт жасасқандарын білмейді. Себебі қылмыс егжей-тегжей ұйымдастырылған. Оның дәлелі жасалған төлемдерге берілген түбіртектер. 39 жастағы алаяқ азаматтардың 50 миллионнан астам теңгесін қалтаға басқан. Алданғандардың ішінде облыс тұрғындарынан бөлек Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарының тұрғындарындары да бар, - деді Атырау облысы полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиев.
“Talapker & Company” ЖШС-нің атқарушы басшысы алаяқтық әрекеттері үшін сот үкімімен үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.