Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулықтарды қомақты сомаға алдаған алаяқ әйел 4 жылға сотталды

Атыраулықтарды 5 млн теңгеге алдаған алаяқ әйел төрт жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда қала тұрғыны ірі мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын деп алты адамның ақшасын қалтасына басқан. Анықталғандай, әйел жеке кездесіп, қолма-қол ақшаларын алып, олармен құр уәдемен қоштасып, «ұстатпай» кеткен.

Жұмыс іздеп, қалтасы қағылған тұрғындар полицияға шағымданады. Сөйтіп, алаяқтықпен азаматтардың бірінен 1,7 млн теңге, екіншісінен 1,3 млн теңгесін, басқаларына бөліп төлеуге мүмкіндік беремін деп 400 мыңнан 800 мың теңгеге дейін ақша алып келген.

Осылайша, әйел жұмыс іздеген азаматтардан 5 млн теңге ақша алған.

36 жастағы азаматша қылмыстық әрекеттері үшін ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танып, үкіммен тағайындалған неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру