Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта саяжайға ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

Балқашта саяжайға ұрлыққа түскен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 желтоқсанда Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Белгісіз біреу саяжай аумағына кіріп, суаруға арналған металл құбырларды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті – 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол ұрланған құбырларды металл сынықтарын қабылдайтын жерге тапсырғанын айтып, кінәсін мойындады. Айғақты зат тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас екі қылмысқа қатысы барын анықтады. Біріншісінде, жақын маңдағы ауылдан металл құбырлар мен шойын ваннаны, екіншісінде қолжуғыш пен бөшкелерді ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 40 мың теңгені құрады. Айғақты заттар алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру