Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауа райы салдарынан екі адам жоғалып кетті

Қарағанды қаласында жоғалып кеткен екі адамды тауып, қажетті шараларын жасады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 19 ақпанында сағат 20.40 минутта Қарағанды қалалық жедел-
құтқару жасағы кезекші диспетчеріне ӨБОП оператордан Осакаров ауданы
Сенокосное ауылы және Қушоқы кенті аймағында ауа райына байланысты
жеке қарда жүретін техникада екі адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. ТЖ орнына кезекші ауысым құтқарушылары Р.Д.Латыпов, Б. Е. Жаналинов, А. А. Вицу жол талғамайтын-батпақта жүретін «Вея» арнайы көлігінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жедел шықты.
Жұмыстар түнгі уақытта 50 ш.км радиуста көрсетілген аумақты тараумен күрделі метеожағдайларда (боран, нашар көріну, қатты жел) жүргізілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында жоғалып қалғандар байланысқа шықты, бірақ нақты орналасқан жерлерін түсіндіре алмады. Құтқарушылар GPS навигатор арқылы олардың тұрған жерін анықтап, бос қыстаққа жедел жетіп, зардап шеккендерді тауып, қажетті көмек көрсетіп, оларды тұрғылықты жеріне жеткізді. Зардап шеккендер медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Оқыс оқиға әрдайым күтпеген жерден пайда болады, сонымен қатар
жүздеген түрлі болуы мүмкін. Сондықтан «құтқарушы» мамандығы оны
игерген адамның бәріне дайын болуын талап етеді. Сонымен қатар,
құтқарушылар өздерінің қабілеттеріне сенімді және құтқару жұмыстарын
жүзеге асыруға толығымен көңіл бөлуі керек. Бұл кәсіп супермендер деп
атауға болатын адамдар үшін құрылған. Және өзін супербатыр сияқты сезіну
үшін құтқарушы мамандығын таңдау жеткілікті.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру