Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз қару сақтаған тұрғын жауапкершілікке тартылды

Қостанайлықтар 45 бірлік қаруды өз еркімен тапсырды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс тұрғындары “Қару” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ерікті түрде 45 қару, оның ішінде 42 тегіс ұңғылы қару және 3 газды қару тапсырды. “Қару” операциясы 17-20 ақпан аралығында облыс аумағында атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында өткізілді.

Үш күн ішінде полицейлермен 3192 азаматтық қару иесі тексерілді. 116 лицензиялық рұқсат беру жүйесі ережелерінің  бұзушылығы анықталған. Әкімшілік жауапкершілікке 106 адам тартылды. Сотқа қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін 10 материал жіберілді. Қару сақтауға және алып жүруге құқық беретін 12 рұқсаттың күші жойылды.

Полиция заңсыз айналымнан 9 бірлік қару, оның ішінде 6 тегіс ұңғылы қару, 1 электр, 1 газ және 1 бұта қаруларын тәркіледі.Мысалы, 2020 жылдың 17 ақпанында шекара бекеттерінің бірінде полиция қызметкерлері шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, 36 жастағы ер адамның “Киа” автокөлігінің салонын тексеру кезінде автокөліктің жәшігінен маркасы белгісіз электрошокері бар шамды анықтады. Азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сарыкөл ауылында Комсомол көшесіндегі үйде әйел тапаншаға ұқсас қолдан жасалған атыс қаруын сақтаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру