Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауа-райы салдарынан көлік тізгінін басқара алмаған жүргізушілер жолда қалып жатыр

Шетелдік ауыр жүк көлігінің жүргізушілері жолда қалып, көмек сұрады,-деп хабарлайды Рolisia.kz.

 

Солтүстік Қазақстан облысында ауа-райы қатты жауын-шашынды болып, температураның күрт төмендеуі қиындық тудыруда. Осындай ауыспалы ауа-райының нәтижесі жолдағы көктайғақ пен қар кептелісінен туындаған қауіпті оқиғаларға әкеп соғады.

 

Мамлют ауданында «КАМАЗ» автокөлігінің жүргізушісі Нұрұлтан қаласының тұрғыны рөлді басқара алмай, кюветке шығып кеткен. Мамлют аудандық полиция бөлімі мен облыстық патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен көлік қар құрсауынан шығарылды.

 

Елорда тұрғыны Ерлан Болтабеков полицейлердің ыстық тамақ беріп, жолда көрсеткен көмектері үшін алғысын .

 

Мамлют ауданында осы күні Грузия азаматы қар құрсауында қалды. Ер адам Түркиядан Қарағандыға жол жүріп, Отанына қайтпақшы болып бет алған. Белое селосының маңында жыраға түсіп кетіп,қар құрсауында қалған. Өтіп бара жатқан жүргізушілер бұл туралы трассада қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне хабарлады. Полиция қызметкерлері Руслан Галиев пен Талғат Тлеужанов оқиға орнына барып, шетелдіктерге көмек көрсетті.

 

«Қазақстан полицейлеріне рахмет», – деді көлік тізгіншісі.

https://yadi.sk/i/8ZAyw8nc-82MGQ   

Петропавлда өткен түнде үш автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшырады. «Фольксваген  Пассат» көлігінің жүргізушісі Заречный кентіне барар жолда қарсы бағытқа шығып кетіп, «Ауди 80» автокөлігімен соқтығысқан.

 

Нәтижесінде «Ауди» автокөлігінің артынан келе жатқан «Мазда» шетел көлігімен соқтығысуы орын алды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жеткізілді, оларға көмек көрсетілді.

 

Ауа-райы жағдайына байланысты қауіпсіздік мақсатында жолдарда ерекше қырағылық пен сақтық таныту қажет. Жылдамдық режимін асырмай, қашықтықты қатаң сақтау керек.

Егер жол жабық болса, айналып өту өте қауіпті. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қауіпсіздік ережесін  қатаң сақтауға шақырамыз», – деп атап өтті СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

 

Қазіргі уақытта Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Айыртау және Тимирязев аудандарында жолдар жабық.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру