Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауа райының құбылмалығына байланысты 9 балықшы қиын жағдайда қалды

Шығыс Қазақстанның құтқарушылары қиын жағдайдағы балықшыларды құтқарды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
23 ақпанда кешкі сағат 9 шамасында жедел-құтқару жасағының 8-бөлімшесіне Бұқтырма су қоймасының ортасында қалып, жағаға жете алмай тұрған балықшылар көмек сұрап, хабарласты.
Таңертең балықшылар «Қарақол» орнына өткен, осы жерде балық
аулайды. Осы жерге балықшылар көптеп жиналады. Осы бұғазға мұз үстімен
барады. 23 ақпан күні ауа-райы қайта-қайта құбылып тұрды, таңертең қар
жауып, рұқсат берілмеген осы жерді қар басып тастаған. Кешкісін рұқсат берілмеген жолда жеңіл көліктер қарға батты.
Құтқарушылар УАЗ көлігімен аталған орынға жетті, сол жердегі 9 балықшыға көмек көрсетіп,  көліктерін қардан алып шықты.Октябрьский кентіне дейін ертіп әкелді.
«Біз үнемі балықшыларға түсіндіру жұмысын жүргіземіз, оларға мұзға көлікпен шығуға болмайтындығын айтамыз. Жылымық кезінде мұздың беті еріп,астындағы ағын су да жұқартады. Жадынама таратамыз, онда мұздағы іс- қимыл толығымен көрсетілген. Десек те балықшылар осы ережелерді өздеріне де сынап көрді, алайда бәрібір де қауіпті кезеңде мұз оюды жалғастыра береді» – дейді жедел-құтқару жасағы 8-бөлімше басшысы Марат
Смағұлов.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру