Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зардап шеккен екі мыңнан астам қордайлықтың құжаттарын қалпына келтірді

Жамбыл облысы көші-қон қызметі басқармасы зардап шеккен екі мыңнан астам қордайлықтың құжаттарын қалпына келтірді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қордай ауданындағы қайғылы оқиғалар салдарынан көптеген тұрғындардың құжаттары жоғалып, жанып кетті.

Осыған байланысты оқиға орнына Жамбыл облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бес қызметкері бар мобильдік топ келіп жетті. Олар “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы, Қордай ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі және жер кадастры және жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің өкілдерімен бірге адамдардың жоғалған құжаттарын қалпына келтіруге көмек көрсетті.

Бүгінгі күні 8 ақпаннан бастап мобильді ХҚКО халыққа 2080 қызмет көрсетті. Олардың ішінде 57 қалпына келтірілген жеке куәлік пен Қазақстан Республикасының бір паспорты, 31 баланың туу туралы куәлігі, бес неке туралы куәлік, 17 жылжымайтын мүлікке құжат бар. Бұдан басқа, көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту үшін кәмелетке толмаған балаларға 1970 қосымша парақ берді.

– Көптеген адамдар үшін осындай қиын жағдайда, Заң аясында әрекет ете отырып, біз зардап шеккендерге толыққанды көмек көрсетуге тырыстық, – деді Жамбыл облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев. Біздің қызметкерлер қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өз міндеттерін жауапкершілікпен орындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру