Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аудан әкімдігі ғимаратынан құрал-жабдықтарды ұрлап кеткен ақмолалық ұсталды

Аудан әкімдігі ғимаратынан құрал-жабдықтарды ұрлап кеткен ақмолалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұланды ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. 22 маусымда полиция бөліміне Бұланды ауданының білім беру бөлімінің өкілі өтініш білдірді, ол 21 маусым күні Макинск қаласында белгісіз адам әкімдік ғимаратынан еркін қол жеткізу арқылы абоненттік станцияның антеннасын ұрлағанын хабарлады. Шығын сомасы 56,5 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар кешенін өткізді. Ол бұрын ұрлық үшін сотталған 36 жастағы уақытша жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам жасаған қылмысты мойындады. Ол ұрлаған мүлікті сатқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру