Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мектепке жол”: БҚО полицейлері балаларға көмек қолын созды

“Мектепке жол” іс-шарасы аясында БҚО полицейлері балаларға көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын республика көлемінде “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы өтуде. Акция барысында БҚО полицейлері аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етіп, әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетуде.

– Бұл игі шара жыл сайын облыс көлемінде өткізіліп келеді. Казталов полиция бөлімі мектеп табалдырығын аттағалы отырған үш оқушыға мектепке қажетті киім және оқу құралдарын сыйға тарттық. Балалар сабағын тек беске оқып, білімді азамат болсын деп тілейміз, – деп атап өтті Казталов полиция бөлімі қызметкерлері.

Аталған іс-шара Бөрлі және Ақжайық аудандарының полиция бөлімдерінде белсенді түрде ұйымдастырылуда. Полиция қызметкерлері оқушыларға мектеп құралдары мен қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етті,

Орал қаласының ПБ Патрульдік полиция батальонының басшы және жеке құрамы “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы аясында облыс орталығының екі отбасына әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетіп, қажетті оқу құралын балалардың өз қолына табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру