Ауласында 14 түп есірткі өсімдігін еккен атыраулық тұрғын ұсталды
Ауласында 14 түп есірткі өсімдігін еккен атыраулық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері тыйым салынған марихуана есірткі өсімдіктерін күтіп-баптаған тұрғынды анықтады.
– Оның мекен-жайы бойынша ауласын тінту кезінде 10 дана өсімдік табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткі заттары 14 түп өсімдік «сора» екені белгілі болды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру деректері бойынша үй қожайынына қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.