Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен волонтерлар 14 жасар жасөспірімді іздестірді

СҚО-да полицейлер мен волонтерлар 14 жасар жасөспірімді іздестірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Із-түссіз жоғалғандарды іздеу – СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі. Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының полиция бөлінісіне туыстарының жоғалғаны туралы хабарлаған 200 аса азамат жүгінген. Олардың арасында із-түссіз жоғалғандар ретінде ізделгендер – кәмелетке толмаған балалар. Олар көбіне ата-аналарын ескертпестен үйлерінен кетіп қалады, ұялы телефондарын әдейі сөндіреді немесе шалған қоңырауға жауап бермейді. Мұндай жағдайда алаңдаған ересектер полицияға көмекке жүгінеді. Жасөспірімдердің осындай жауапсыз әрекеттерінің бірі – туыстарымен жанжалдасу, өз теңдерінің арасындағы түсініспеушілік.

Мамлют ауданының полиция қызметкерлеріне жергілікті тұрғындар мектеп оқушысын іздеуі туралы ақпарат таратқан WhatsApp мессенджерінің чатынан 14 жастағы жасөспірімнің жоғалғаны туралы белгілі болды. Жедел уәкілдерге белгілі болғандай, ол ұрсыстан кейін туысының үйінен кетіп қалған. Аталған факті мамлют ауданының полиция бөлімінде тіркелді.
Аудандық бөліністің жеке құрамы “Дабыл” сигналы бойынша жиналды.Мамлютка қ. бейнебақылау камераларын қарау кезінде жасөспірімнің күндізгі сағат 12 шамасында аудан орталығынан Петропавлға кеткені белгілі болды.Одан кейінгі жедел іс-шаралар оның жол-жөнекей көлікпен облыс орталығына кеткенін анықтауға мүмкіндік берді. Іздеуге әлеуметтік желілерде бағытамаларды таратуды ұйымдастырған “Lider.KZ” волонтерлері қосылды.

– Қараңғы түсуі, балада ұялы телефонның болмауы іздеуге қиындық туғызды. Жоғалғанға қатысты бағыттама барлық әлеуметтік желілер мен Мамлютка қ. және Петропавл қ. мессенджерлеріне таратылды, – дейді Мамлют ауданының ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Ерлан Дәулетов.

Петропавлдың қырағы тұрғынының көмегімен түнгі сағат 2 шамасында жасөспірім табылды. Оны байқаған әйел бұл жайында волонтерлер көрсеткен нөмірге хабарлаған. Келіп жеткен полиция қызметкерлері кәмелетке толмағанның адасқанын және қайда барарын білмегенін анықтады. Сол түні мектеп оқушысын анасына табыс етті.

Жыл басынан 219 із-түссіз жоғанның жүрген жерлері анықталды. Сондай-ақ кезекші тәулікте 150 адам табылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру