Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қызылордалықтарды алдаған алаяқты қолға түсірді

Полицейлер қызылордалықтарды алдаған алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 9 шілде күні алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, белгісіз біреулер жұмысқа орналастырып беремін деп сеніміне кіріп, 800 мың теңгесін жымқырған.

Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекснің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру