Ауыл тұрғынына ұрланған велосипедін қайтарып берді
Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғынына ұрланған велосипедін қайтарып берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, тамыз айында оның үйінің ауласынан белгісіз біреулер велосипед ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-де тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлері ер адамды ұстады. Ол Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады. Күдіктіні тәртіп сақшылары істің барлық мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында оның тағы бір бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысына қатысы бар екені белгілі болды. Жоғарыдағы ұрлықтан алдын яғни бір апта бұрын күдікті басқа жергілікті тұрғынның ауласынан су шлангасын ұрлаған. Содан кейін ұры ұрланған заттарды сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Айғақты зат ретінде полицейлер велосипед пен су шлангысын тәркілеп алып, заңды иелеріне қайтарды.
Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам қолхатта. Ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ мүмкіндігінше өзіңіздің шаруашылық аулаңызды нығайтып, бейнебақылау камералары мен күзет дабылдарын орнату қажет, ұрлық немесе тонау болған жағдайда "102" телефоны бойынша тез арада полицияға хабарласыңыздар.