Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

5 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Түркістан облысының полицейлері “Учаске” жедел–профилактикалық іс-шарасы басталғалы бері 4,8 мың әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 7-қыркүйектен бастап Түркістан облысының аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты – учаскелік полиция инпекторларының, сондай-ақ криминалдық және патрульдік полиция, көші-қон және өзге де қызметтер қызметкерлерінің күшімен қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскеде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі жұмысты жандандыру болып табылады. Іс-шараға барлығы мыңға жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылған.

“Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері тұрғындар туралы ақпарат алу үшін аулаларды және пәтерлерді аралап, учаскелік және кезекші полиция бөлімдерінің байланыстары бар есімхат карточкаларын тұрғындарға таратуда. Сондай-ақ әртүрлі құқықбұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтауда. Бұдан басқа, полиция күштері профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексеруге, ереже бұзған шетелдік азаматтарды, азаматтық қару иелерін, тұрмысы нашар отбасыларды, сондай-ақ базарлар мен өзге де сауда орындарын, әкімшілік құқықбұзушылықтардың жолын кесу мақсатында жастар мен кәмелетке толмағандарды концетрациялау орындарын анықтау аясында қарқынды жұмыс жүргізуде.

Екі апта ішінде “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 44 мыңнан астам пәтер мен үйді тексеріп, тиісті тіркеусіз тұрғын-үйді жалға берудің 44 жайтын анықтады.

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ тоғыз адам және әртүрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 37 кәмелетке толмаған жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді. Учаскелік инспекторлар тұрғылықты жері бойынша полицияда профилактикалық есепте тұрған 1 598 адамды тексерді.

Сондай-ақ, “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері азаматтық қарудың 834 иесін тексерді, оның ішінде 11 адам ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабын бұзғаны үшін (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеу тәртібін бұзғаны үшін) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қоса бес қару иесіне 486 ҚР ӘҚБтК (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) бойынша шара көрілді.

“Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері 4,8 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, жолын кесті.

Атап өтер жайт, “Учаске “жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады және облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру