«Автобөлшектер сатамын»: семейліктер алаяқтың құрығына түсті
Семейлік алаяқ екі тұрғынды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 2 мамырында Семей қаласы ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 51 жастағы Бородулиха ауданының тұрғыны автокөлік бөлшектерін сатушы алаяққа алданып қалғандығы туралы хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша 2021 жылы 14 қаңтарында күні оған сырттай таныс ер адам жәбірленушінің Тойота Хайландер автокөлігіне қажетті көлік бөлшектерін сатамын деген сылтаумен, бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен 360 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп алған.
Дәл сол күні 38 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны осыған ұқсас шағыммен хабарласқан болатын. Арызданушының айтуынша, 2020 жылы қараша айының басында оған сырттай таныс ер адам шағымданушының Nissan Sunny көлігіне арналған автокөлік бөлшектерін сатамын деп сылтауратып, алаяқтық жолмен 25 мың теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп алған.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлері 48 жастағы Семей қаласының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Тергеу барысында күдікті өз жасаған ісін толығымен мойындап, алаяқтық жолмен иемденіп алған қаражаттарды өз қажеттіліктері үшін жұмсағанын айтқан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.