Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция қызметкерлері жоғалған 9 жасар қызды тапты

Ақтөбеде полиция қызметкерлері жоғалған тоғыз жасар қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 мамыр күні сағат 16:00-де Астана ауданы №1 қалалық полиция бөліміне тоғыз жасар қыздың анасы хабарласты. Оның айтуынша, кәмелетке толмаған қызы сағат 11:30-да үйден кетіп, қайтып оралмаған.

Қоңыраудан кейін бірден бөлімнің ювеналды полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылып, іздестіру іс-шараларына көшті. Жоғалған қызды Пожарский көшесі, “Дәнекер” дүкенінің жанынан тапқан. Қызбен әңгімелескен уақытта ол ұзақ уақыт үйіне бармай, ойынға беріліп кеткенін айтып түсіндірді. Полицейлер кәмелетке толмаған баламен және ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.

Ақтөбе облысының полицейлері ата-аналарды ескертеді: өз балаларыңызға мұқият болыңыз және оларды қараусыз қалдырмаңыз. Егер сіздің балаңыз немесе жақын адамыңыз жоғалып кетсе, дереу полицияға “102” телефоны бойынша хабарласу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру